Талдыкөлде қалалық табиғи саябақ ашылуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үлкен және Кіші Талдыкөл аумағында қалалық табиғи саябақ ашылуы мүмкін. Бұл жоба бекітілсе, Талдыкөл табиғатты бағалайтын және Қызыл кітапқа енген құстарды тамашалауды ұнататындар үшін таптырмас орынға айналмақ, деп хабарлайды Елорда инфо.

Еске салайық, бұрын Талдыкөлге ақпасулар жиналатын еді. Мұнда барлық тазарту құрылыстарының ағындары бағытталатын.

«Бұл жоба толықтай аяқталып, сулары тазартылды. Енді бұл қарапайым көлге айналды. Біз Талдыкөлде қалалық табиғи саябақ жасағамыз келеді. Әлемдік тәжірибеде мұндай мысалдар бар - - Лондон, Буэнос-Айрес, Таиланд. Табиғи саябақтарда балаларға арналған, биологиямен айналысатын жас табиғат зерттеушілері үшін білім орталықтары салынады. Өздеріңіз білетіндей, Талдыкөлде Қызыл кітапқа енген құстардың төрт түрі мекендейді. Олар осында қалып көбейіп, күзде ұшып кетеді. Осыған байланысты, Талдыкөлдің жануарлар әлемін зерттеу шетелдік туристерге де, студенттерге де қызықты болады деп ойлаймын», - деді Астана қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары м.а. Әбдіманап Жұмаділдаев.

Жоба авторлары Талдыкөл аумағында қалалық табиғи саябақты 2018-2020 жылдарға арналған Астана қаласының қоршаған ортасын қалпына келтіру кешенді жоспары аясында ашпақшы.

Соңғы жаңалықтар