+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Талдыкөл табиғи жолмен-ақ кеуіп қалуы ықтимал – Экология министрі

2021 жылғы 13 қазан 20:49
Бөлісіңіз:
Талдыкөл табиғи жолмен-ақ кеуіп қалуы ықтимал – Экология министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев елорда түбіндегі Талдыкөлге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында орман қорын молайтудың кешенді жоспары бекітілді Алматыда ағынды сулар қалай тазартылады Қазақстанда қар барысын сақтау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр

«Біз әкімдікпен кеңес өткізіп, ұстанымымызды білдірдік. Жалпы, олар біздің ұстанымымызбен келісіп отыр. Мұны су нысаны ретінде қарауға болмайтындығы түсінікті. Өйткені, оған басқа жақтан келіп құйылатын су көзі жоқ. Сол себепті бұл көлдің табиғи жолмен-ақ кеуіп кетуі ықтимал. Сонымен қатар біз әкімдікпен олардың аталған орамдағы көлге су келер жерлеріндегі құрылыс жоспарын қайта қарауы жайына уағдаластық және ол су нысаны ретінде қалуы тиіс. Құрғап бара жатқан жерлері көмілуі қажет. Ал терең жерлерін әкімдік су нысаны ретінде сақтап қалуға міндетті», - деді министр «Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу жолдары және Қазақстанның көміртегі бейтараптылығы» халықаралық конференциясынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, таяуда елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков жетекшілік еткен экологиялық кеңесте Кіші Талдыкөлдегі рекреациялық аумақты сақтау және құру мәселесі қаралған болатын. Онда Нұрлан Солтамбеков Кіші Талдыкөлді сақтап және суын толтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді тапсырған еді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT