Талапкер кентінде тұратын сантехниктен коронавирус табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Целиноград ауданының Талапкер ауылында коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

«1964 жылғы ер адамнан алынған сынама оның COVID-19 жұқтырғанын растады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында сантехник болып жұмыс істеген. Сонда COVID-19 зертханалық расталған адаммен жақын байланыста болған. Сол себепті, осыған дейін үй карантиніне алынған. Енді ол Ақмола облысының туберкулезге қарсы диспансерінің станционарына жатқызылады», дейді ведомстводан.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі таңда Ақмола облысында 146 адамның COVID-19 жұқтырғаны тіркелген. Оның ішінде 128 жағдай Целиноград ауданының үлесінде. Ал қалғаны Көкшетау қаласы, Ақкөл, Аршалы, Егіндікөл, Есіл, Шортанды аудандарында.

Осы күні өңірдегі стационарларда 140 адам емделіп жатыр. Оның ішінде уақытша стационарда - 24, карантиндік – 85, инфекциялық – 31.

Үй карантинінде-724 адам.


Соңғы жаңалықтар