Талапқа сай келмейтін жиһаз алған мектеп басшыларына айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда мектеп басшылықтарына талапқа сай жиһазды алмағаны үшін 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектептерге жеткізілетін жиһаздардың сапасын тексеруді Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті мен Қалалық кәсіпкерлер палатасы мамандары біріккен комиссия өткізді.

Нәтижесінде бірқатар оқу орындарында жиһаздардың сапасы төмен екендігі анықталды.

«Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті №17, 7, 49 мектептерді тексерген болатын. Тексеру барысында зертханалық бақылау да қолданылды. Зерттеу нәтижесінде зиянды химиялық бөлшектер табылмағанмен, жиһаздардың көпшілігі техникалық регламентке сай рәсімделмеген, мемлекеттік тілде ақпарат жоқ, ЕАС белгісі көрсетілмеген. Парталарда оқушылардың орташа бой өлшемі, орындықтарда функционалды өлшемі көрсетілмеген. Мектеп жиһаздары оқушылардың бойы мен жасына сәйкес алынуы тиіс. Бұл жиһаздарды жеткізу кезінде арнайы келісімшарт жасалған», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.

Тексеру қорытындысына сәйкес мектеп басшыларына 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Соңғы жаңалықтар