+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Талапқа сай емес ЖОО басшылары Үкімет үйінде есеп берді

2019 жылғы 11 желтоқсан 13:07
Бөлісіңіз:
Талапқа сай емес ЖОО басшылары Үкімет үйінде есеп берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев ҚР Үкіметінің жанындағы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын оңтайландыру жөніндегі комиссия отырысын өткізді. ҚазАқпарат бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «дипломдарды басып шығарып беретін кеңселерге« айналған жоғары оқу орындарына қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырды. Бүгінде елімізде 132 ЖОО жұмыс істейді, оның 43% - жекеменшік. Оларда 600 мыңнан аса студент оқиды, оның ішінде 191 мыңы – мемлекеттік тапсырыс аясында білім алады. Өкінішке орай, білім беру сапасы туралы біз еңбекке орналасу деңгейі бойынша ғана тұжырым жасай аламыз, әрбір төртінші түлек – жұмыссыз», - деді Б. Сапарбаев Үкімет үйінде өткен отырыста.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, биыл 34 ЖОО-да тексеру жүргізілді, оның ішінде 22-сі жоспардан тыс тексеру болды.

«Талдау көрсеткендей, көптеген ЖОО-да заңнама талаптарын бұзуға жол беріледі. Кең тараған проблемалар – штаттық бірлік пен оқытушылық-профессорлық құрамның дәрежесінің жеткіліксіздігі, түлектердің еңбекке орналасуының төмен деңгейі, білім алушылардың минималды контингентіне талаптардың сақталмауы, оқу алаңдары мен жатақханалардың жеткіліксіздігі. Бұл проблемалар ЖОО-лардың төмен әлеуетімен тікелей байланысты. Яғни, оларға жоғары білім берудің белгіленген стандарттарын қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді», - деді министр.

Сонымен қатар шекті балл алмаған абитуриенттерді, бейінді пәндерді ескермей қабылдау, білім туралы құжаттары, ҰБТ тапсыру сертификаттары болмағандарды қабылдау және басқа да өрескел заң бұзушылықтар орын алған.

Тексерулер нәтижесінде 5 жоғары оқу орнының лицензиясы тоқтатылып, әкімшілік айыппұлдар салынды. Тағы бес ЖОО бойынша шешімдер қабылдануда.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігіне ЖОО-лардың лицензияларын қайтарып алу және алып қою құзыретін беру мәселесі пысықталуда. Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен жоғары білім беру сапасын жақсарту бойынша нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде.

«Алайда, мұндай практика барлық жоғары оқу орындарында байқалып отырған жоқ. Біздің елімізде шетелдік оқу орындарынан кем түспейтін мықты ЖОО-лар жеткілікті», - деді А. Аймағамбетов.

Отырыста «Қайнар» академиясының, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының, Каспий қоғамдық университетінің, «Алматы» университетінің, Орталық Азия университетінің, Алматы экономика және статистика академиясының, Қазақ жол қатынастары университетінің ректорларының баяндамалары тыңдалды. Оларды тексеру кезінде заң бұзушылықтар анықталған болатын.

Осыған байланысты министрлік ЖОО-лардың басшылығымен бірлесіп оқу орындарын біріктіру немесе оларды колледж ретінде қайта құру мәселелерін пысықтауда. Егер ЖОО-лар кемшіліктерін жоймаса, онда лицензияларын қайтарып алу және жабу үшін мәселе олармен сот тәртібінде шешілетін болады.

Кеңесті қорытындылаған вице-премьер жоғары білім беру саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді атап айтты. Олардың қатарында оқытудың төмен сапасы, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нашар дамуы, кәсіпорындармен байланыстың нашарлығы, оқытушылардың жалақы деңгейінің төмен болуы, мемлекеттік білім беру тапсырысының жасалу және орналастырылуының ашық еместігі және тағы басқасы бар.

«Жоғары білім беру сапасын арттыру – бұл біздің еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі негізгі мәселе. Сондықтан оған барынша байыппен қарауымыз керек. Бізге құзыреті төмен, сұранысқа ие емес мамандарды даярлайтын университеттер не үшін қажет, жұмыссыздар қатарын кезекті рет көбейту үшін бе? Оларға қатысты лицензияларын қайтарып алуға дейін өте қатаң шаралар қолданылатын болады!», - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT