Талап су құбыры мен Преснов су таратқышының құрылысы 2023 жылы аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талап су құбыры мен Преснов су таратқышының құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отырыс барысында министр топтық су құбырларының құрылысына қатысты баяндама жасаған еді,

«Жоспарланған көрсеткіштердің орындалмай қалуына кей өңірде су өткізгіштердегі құрылыс жұмыстарының ұзаққа созылуы себеп болып отыр. Жағдайды түзеу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?», - деп сұрады осы орайда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов министрден.

Серікқали Брекешевтің дерегінше, 2019 жылға дейін құрылысы ұзаққа созылған 9 нысан болды. Соңғы үш жылда 6 нысанның құрылысы аяқталған.

«Оның ішінде 2019 жылы Қаражал, Сырдария мен Май топтың су құбырларын іске қостық. 2020 жылы тағы екі нысан – Қаскелеңнен Жиделі су құбырларын салып бітірдік. Былтыр Преснов су таратқышының екінші кезеңін аяқтадық. Қалған үш нысан бойынша тиісті жол картасы әзірленді. Соған орай биыл Есқұла су құбырының құрылыс жұмыстарын бітіруді жоспарлап отырмыз. Ал қалған екі нысан – Талап су құбыры мен Преснов су таратқышының құрылысын 2023 жылы аяқтау жоспарланған», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар