Талап сомасы $16,5 млрд: ҚР Үкіметі Қашаған, Қарашығанақ операторларының үстінен арызданды

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін берген сұхбатында Қазақстан Үкіметі Қашаған мен Қарашығанақ операторларының үстінен арыз түсіргенін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет Қарашығанақ пен Қашаған кен орындары операторларының үстінен арыз түсіргені рас па? Рас болса, талап-арыздың мәні мен талап сомасы қандай?», - деп сұрады журналист.

Министр ол мәліметті растап, талап-арыздың сомасын да атады.

«Иә, шынымен де, PSA компаниясы Үкіметтің уәкілетті органы ретінде Қарашығанақ пен Қашаған компанияларының үстінен халықаралық төрелікке арыз түсірді. Мен пікір білдіруге шектеулімін. Жалғыз айта алатыным, бұл талап-арыздар халық мүддесінде беріліп отыр. Талаптың сомасы 3,5 және 13 млрд доллар көлемінде», - деді Энергетика министрі.


Соңғы жаңалықтар