Талап қойған жаңаөзендіктердің мәселесі қалай шешілді – министр жауабы

None
Фото: t.me/Kzgovernment
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев таяуда елордаға келіп, талап қойған жаңаөзендіктердің мәселесі қалай шешілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істейді. «ӨзенМұнайГазға» қатысты мемлекеттік сатып алулар бойынша мәселе анықталып жатыр. Биылғы келісімшарттарды орындау, еңбек қатынастарына байланысты мәселелер зерделенуде. Бұл мәселе мемлекеттік органдар мен жергілікті билік органдарының бақылауында. Мұнай сервистік компаниялардың қызметкерлерімен тұрақты диалог жүріп жатыр», - деп түсіндірді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырсынан кейін БАҚ өкілдерінің саулына жауап бере отырып.

Энергетика министрінің айтуынша, Астанаға келіп, талап қойған жаңаөзендіктердің бір бөлігі жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, ұзақ мерзімге, яғни 3 жылға арналған конкурстар жарияланған.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша мұнай сервистік компаниялардың қызметкерлері үшін жеңілдікті жұмыс жағдайларын белгілеу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Конкурстық рәсімдер аясында жеңіске жететін компаниялар осы қызметкерлерді жұмысқа орналастыруға міндеттеледі. Қызметкерлердің қалған бір бөлігі тікелей «ӨзенМұнайГазға» орналастыру талабын қойып отыр», - деп пікір білдірді Алмасадам Сәтқалиев.


Соңғы жаңалықтар