+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

«Талан» фильмі африкалық кинофестивальге қатысады

2019 жылғы 13 маусым 14:07
Бөлісіңіз:
«Талан» фильмі африкалық кинофестивальге қатысады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Режиссер Болат Қалымбетовтің «Талан» көркем фильмі Durban International Film Festival кинофестивалінің бағдарламасына қатысатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өнер фестивалі 18-28 шілде аралығында Оңтүстік Африка Республикасының Дурбан қаласында өтеді.

Қазақстан киносының тарихында алғаш рет отандық фильм ОАР-да көрсетіледі. Бұл фестивальге тағы бір қазақстандық кино - Абдель Фифтибаевтың «Бойжеткен» фильмі қатысады. Бұл картина - «Қазақфильм» АҚ жобасы емес.

Оңтүстік Африкадағы ең ірі және көне кинофестиваль - Durban IFF биыл көрермендерге әлемнің түкпір-түкпірінен 180-нен астам фильм көрсетіп, түрлі семинарлар мен «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырады.

«Талан» картинасын танымал қазақстандық актер әрі режиссер Болат Қалымбетов түсірген. Кино ашаршылық пен қуғын-сүргіннің заманында жетім қалған екі ұлдың бастан кешкендері туралы айтады. Достар бірнеше жылдан кейін күтпеген сәтте кездесіп қалады...
null

Естеріңізге сала кетейік, былтыр «Талан» фильмі Шәкен Аймановтың 14-ші халықаралық кинофестивалінде үздік режиссура үшін жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, бұл фестивальде тарихи картина «Ел Арна» телеарнасының «Ел Арна таңдауы» дипломына ие болды.
null null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT