Тал түбінен табылған бала: Анасы видеоны желіге таратпаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Шығыс айналма жолынан басынан ауыр жарақат алып, ес-түссіз табылған баланың анасы әлеуметтік желіде видео таратпағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен бұл видеоны өзім үшін түсірдім. Мұны шынымен ол істеді ме, жоқ па - білгім келді (жолдасы - ред.). Алайда оның қалай желіге таралып кеткенін білмеймін», - деді Азиза Асқароғлы.

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде 4 жасар Мұхаммед есімді баланың әкесінің ұрғанын жоққа шығарып отырған видеосы тараған еді. Баланың денсаулығы түзеле бастағандықтан, ауруханадан үйіне шығарылды.

Еске салайық, 16 шілде күні Шығыс айналма автожолының маңайындағы тал түбінен басы ауыр жарақат алған бала табылған еді. Ол кезде 4 жасар Мұхаммедті көлік қағып кетті деп болжам жасалып, соған орай тергеу амалдары басталды. Кейіннен белгілі болғандай, баланы туған әкесі басынан ұрып жіберген. Мұрат Асқароғлы қылмысты жасағанын мойындай отырып, сол кезде мас болғанын айтып ақталды.

Соңғы жаңалықтар