+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

«Тальгодағы» зорлық: Іс қайта қаралады

2019 жылғы 22 тамыз 15:47
Бөлісіңіз:
«Тальгодағы» зорлық: Іс қайта қаралады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Тұлпар-Тальго» жолсеріктеріне қатысты апелляциялық шағымдар Қостанай сотында қаралып, бірінші инстанциядағы үкімнің күшін жою туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін апелляциялық инстанция сотталғандар Үмбетәлиев пен Құрманиязовқа қатысты қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы шешім қабылдады. Облыстық көлік прокуроры Жанабаев пен жәбірленуші К.-ның өтініштері қанағаттандырылды. Сотталғандардың сот талаптары оң шешімін тапқан жоқ.

Бұған қоса, апелляциялық инстанция жеке қаулы шығарды. Біріншісі «ҚТЖ» ҰК «АҚ басшылығына қатысты. Компанияның қызметіндегі анықталған кемшіліктер, атап айтқанда, жауапсыздық пен бақылау, қызметкерлердің тәртібі мен мінездемелері ескерілді. Екінші қаулы – ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ведомствоаралық жұмыс тобының Қылмыстық кодекстің 120, 121, 122, 123-баптарындағы жазаларды қатаңдату және осы қылмыстарды ауыр санатқа ауыстыру туралы бастамасының маңыздылығы.

«Сот ісі бойынша істе келтірілген барлық дәлелдер тиісті түрде зерттелмеген. Іске объективті баға берілмеген, іс жүргізу заңының нормаларын елеулі түрде бұзу назардан тыс қалдырылды. Қылмыстың жасалған уақыты, тәсілі туралы деректер, сотталғандардың кінәсіздігі, жәбірленушінің алдын ала сөз байласуы бойынша қылмыс жасағаны туралы дәлелдері тексерілмеген. Сондай-ақ іс бойынша басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтірген елеулі заңбұзушылықтарға жол берілді. Сонымен қатар, бұл жағдайда құжаттарды рәсімдеу кезінде заң бұзушылықтар болды. Мұның бәрі бірінші инстанциядағы сот шешімінің күшін жоюға негіз болды»,- делінген сот үкімінде.



Сотталғанарға қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі іс прокурорға жіберілген күннен бастап 1 айға ұзартылады .

Еске салсақ, бұл оқиға бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ түсінік берді. 26 шілде күні Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім шығарылған еді.

Басты фото: Сергей Миронов/kstnews.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT