+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Тальгодағы қыз зорлаған екеудің ісіне нүкте қойылды

2020 жылғы 25 ақпан 18:38
Бөлісіңіз:
Тальгодағы қыз зорлаған екеудің ісіне нүкте қойылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша Сот алқасы «Тұлпар-Тальго» пойызында болған оқиғаға байланысты апелляциялық шағымдарды қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанайдың №2 қалалық сотында бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құрманияз бен Жетес Үмбетәлиевке шығарылған үкім қайта қаралып, өзгеріссіз қалды. Сот қылмыскерлердің қорғаушыларының шағымдарын қарады.

«Қостанай қалалық №2 сотының үкімімен № 6 вагондағы жолаушыны зорлаған Қ. Құрманияз бен Ж. Үмбетәлиев ҚР ҚК 120-бабы бойынша кінәлі деп танылып, әрқайсысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот алқасы қабылданған шешімнің негізділігі мен заңдылығына байланысты бірінші сатыдағы соттың үкімімен келісті. Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен дәлелденді. Ж. Үмбеталиев алдын ала қылмыс жасау орны мен жағдайларын дайындап, купедегі басқа адамдарды шығарып жіберген. Жәбірленушінің айғақтары сотта және сот тергеуі бойы тұрақты болды, іс материалдарымен, сараптама қорытындысының нәтижелерімен толық сәйкес келеді. Жолсеріктерге жаза істің барлық мән-жайларын ескере отырып, баптың санкциясы шегінде тағайындалған», - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың Facebook парақшасында жазуынша, 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында бойжеткен «Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде бір ер адам болған. Заттарын қойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келнен кезінде купе ішінде арнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі ер адамды басқа купеге ауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктен купеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығып кеткен. Алайда таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өз кілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң арам ойын іске асырады. Ізінше екінші жолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Сот,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT