+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Тальгода жас қызға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасамақ болған ер адамның ісі тергеліп жатыр

2019 жылғы 8 қараша 17:59
Бөлісіңіз:
Тальгода жас қызға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасамақ болған ер адамның ісі тергеліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көлік прокурорлары «Петропавл-Алматы» бағытындағы №705 Тальго пойызы жолаушысының жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне оқталу туралы қылмыстық іс құжаттарын зерделеді. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Атап айтқанда, 2019 жылы 3 қыркүйекте аталған факті бойынша ҚК-тің 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«2 қарашада «Қарағанды-Сұрыптау» стансасындағы желілік полиция бөлімімен қылмыс құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қысқарту туралы шешім қабылданды. 8 қарашада Жезқазған көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау органының шешімінің күшін жойып, істің барлық мән-жайларын толық және объективті түрде қамтамасыз ету үшін нұсқау беріп, қосымша тергеуге қайтарды», - делінген хабарламада.

Осы орайда қылмыстық істің тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында тұр.

Белгілі болғандай, бұл оқиғаның мән-жайы Facebook-тегі «НеМолчи» парақшасында жазылған.

Биыл 2 қыркүйек күні студент қыз ағасымен бірге «Петропавл-Алматы» бағытындағы пойызбен жолға шыққан. Қарағандыға жеткенде аталған жігіт түсіп қалады да, қарындасы ары қарай сапарын жалғастырады. Сағат 23:50 кезінде купеге 60 жас шамасындағы жолаушы кірген.

Автордың жазуынша, біраздан кейін ұйықтап жатқан қыз белгісіз біреу оны киімінің сыртынан сипалап жатқанын сезген. Студент дереу орнынан тұрып, купедегі шамды жаққан. Сол кезде өзіне қарама-қарсы орында купеге жайғасқан жолаушының отырғанын байқайды. Жас қыз купеден шығып, жолсерікті шақырып, болған оқиғаны айтқан. Осыдан кейін жолсерік студентті басқа орынға көшірген.

Кейіннен ол бұл оқиғаны ағасына хабарлаған және пойыз қызметкерлері полиция шақыртты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT