«Тальгода» қыз зорлаған жолсеріктерге шығарылған үкімнің заңдылығын прокуратура тексеруде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Прокуратура Ақтөбеге бара жатқан «Тальгода» қыз зорлаған бұрынғы жолсеріктерге шығарылған үкімнің қаншалықты заңды екендігін тексеріп жатыр. Бұл туралы бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жол – Ақтөбе» бағытымен бара жатқан №98 пойыздың вагонында болған қыз зорлау дерегі бойынша қылмыстық іске қатысты Бас көлік прокуратурасы мынаны мәлімдейді: соттағы жарыссөз кезінде прокурор айыптауды толығымен қолдады әрі айыптыларға 6 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұрады. Сот басқаша шешім қабылдады. Қазіргі кезде соттың үкімі заңға сай немесе қайшы екендігі және оның негізі тексеріліп жатыр», - деп жазды Е. Сыбанқұлов Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құрманиязов пен Жетес Үмбетәлиевке 2 жыл да 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілген болатын.


Соңғы жаңалықтар