Тальго пойызының рейстері неге тоқтатылады – министр жауабы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Тальго» пойызы рейстерінің тоқтауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атап айтқанда, «Тальго» пойызы біздің талап бойынша қосымша техникалық байқаудан өтуі керек. Сонымен қатар, бұл пойыздың жылдамдығы басқа деңгейде болғандықтан, егжей-тегжейлі тексеруді қажет етеді. Егер ауа райына байланысты немесе кейбір техникалық кідірістерге байланысты «Тальго» белгіленген уақыт аралығында жүріп үлгермейтін болса және кешігіп жатса, онда жағдай түзелгенше тиісті шешімдер қабылданады. Менің ойымша, бұл мәселе бірнеше күнде шешіледі. Себебі, техникалық тексеру тез арада аяқталуы керек. Егер бәрі дұрыс болса, аталған пойыздардың қозғалысы қалпына келеді», - деді Қ. Өскенбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана-Шымкент арасында қатынайтын «Тальго» пойызы бір күнге тоқтайды.

Сонымен қатар, Алматы-2 мен Петропавл арасындағы №105 «Тальго» жолаушылар пойызының қозғалысы кейбір даталар бойынша тоқтайтын болды.


Соңғы жаңалықтар