«Тақтар ойыны» сериалы түсірілген елдерде туризм дами бастады - Гүлнар Сәрсенова

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біз өзге мемлекеттердің елімізде фильм түсіруін қолдаймыз және көмектесуге дайынбыз.

Бұл туралы «Ұлттық киноны қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметі туралы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Нұр-Сұлтан қаласында былтыр мамыр айынан жұмыс істей бастаса, қыркүйек айында Алматыда филиалы ашылды. Кинематография туралы заң жобасы қабылданғаны - еліміздегі кино саласын дамытудағы үлкен қадам болды», - дейді «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басқарма төрағасы Гүлнар Сәрсенова.

Ол аталған орталық бес бағыттағы мәселені шешумен айналысатынын айтты.

«Бірінші мәселе, фильмдерді қаржыландыру. Мұның ішіне көркем фильмдер ғана емес, деректі фильм, анимациялық фильм, өзге мемлекет түсіретін фильмдер де кіреді. Екінші мәселе, инвестиция тартып, ұлттық кино комиссиясын құру. Біз өзге мемлекеттердің елімізде фильм түсіруін қолдаймыз және көмектесуге дайынбыз. Мысалы, «Тақтар ойыны« телехикаясы Исландия, Жаңа Зеландия, Марокко сияқты танымал емес мемлекеттерде түсірілген. Киножоба түсіріліп, көрсетіле бастаған соң бұл мемлекеттерде туризм саласы 300-800 есеге өскен. Демек бұл елдің экономикасына үлес қосу ғана емес, кино және туризм саласын дамытуға да үлес қосу десе болады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар