Таксимен жүрген: Елордада дүкен мен дәріхананы тонаған ұры ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүкен мен дәріханадан ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жас жігіт қала ішінде таксимен жүрген. Жүргізушіге жақсы ақша төлейтінін айтып, алдын ала жоспарлаған жерлерге барған.

Бірінші рет ол дүкеннен 80 мың теңгеге азық-түлік ұрлап шыққан.

Екінші рет дәріханадан ұрлық жасаған. Жүргізушіге күте тұрыңыз деп, күдікті пластик терезені ашып, 50 мың теңгені және кассалық аппаратты ұрлаған.

Екі рет ұрлық жасаған жас жігіт оны үйіне алып баруын сұраған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген кезде күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол екі ұрлық жасағанын мойындады.

Полиция қызметкерлері дәріхананың кассалық аппараттын иесіне қайтарды.

Ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар