+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.96 EUR 423.78
RUB 6.03 CNY 54.16
Jańalyqtar

«Такси» фильмінің басты кейіпкері Абай өлеңін оқып, эстафетаны GGG-ге жолдады

2019 жылғы 26 тамыз 10:57
Бөлісіңіз:
«Такси» фильмінің басты кейіпкері Абай өлеңін оқып, эстафетаны GGG-ге жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Такси» фильміндегі ролімен әлемге танымал болған француз актері Сами Насери Абайдың өлеңін өз тілінде оқып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемге әйгілі «такси ст ің» видеосы Instagram-дағы «ztb_video» тобының парақшасында жарияланды.

«Барлықтарыңызға сәлем! Мен француз актеры Сами Насеримін», - деп өзін таныстырған актер Мұрагер атты досынан Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабыл алғанын айтады.

Осыдан кейін актер «Сағаттың шықылдағы емес ермек» атты Абай өлеңін француз тілінде оқып, эстафетаны қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге жолдады.


Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының Абай өлеңін оқу бойынша эстафетаны қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін челленджге өзге де мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, спорт, мәдениет, білім саласының қызметкерлері, шетелдік дипломаттар, қазақстандық және әлемдік БАҚ өкілдері қосылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әдебиет, Қоғам, #Аbai175,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT