«Тақсай ханшайымының» көшірмесі Түркістанға жеткізілді

None
Фото: Ұлы Дала Елі орталығы
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңынан табылған «Алтын әйел» тарихи жәдігері Түркістандағы Ұлы Дала Елі орталығына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алтын әйел» жәдігерін археолог Яна Лұқпанова 2012 жылы қазба жұмыстары кезінде тауып, әлемдік сенсация жасаған еді. Қабірден әйелдің мүрдесімен бірге алтын әшекейлері, жапырақты жапсырмалары, білезіктері табылған болатын.

Зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, Тақсай кешенінен табылған «Алтын әйел» қабірі ежелгі сармат кезеңіне тиесілі. Олай деуге әйелдің жерлену тәсілі мен сары металдан жасалған бұйымдар негіз болған. Сондықтан оны біздің заманымызға дейін V-VІ ғасырларға жатқызды.

Тақсай ханшайымының бейнесін Алматы қаласындағы «Остров Крым» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасының мамандары ғалымдармен бірлесе отырып, қайта қалпына келтірген. Ал, жәдігерді зерттеу жұмыстары БҚО тарих және археология орталығында жасалған.


Соңғы жаңалықтар