Таиландтың Ұлттық кітапханасында Абай кітаптарының тұсаукесері өтті

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Таиландтың Ұлттық кітапханасында Абай кітаптарының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің мәліметіне сай, 2020 жылдың 30 желтоқсаны – Таиланд Корольдігінің Ұлттық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны және ойшылы Абай Құнанбайұлының ағылшын тілінде жарық көрген «Қара сөздер» және «Поэмалар жинағы» кітаптарының тұсауы кесілді.


Іс-шараға Қазақстан Елшісі Раушан Есбулатова, Корольдігінің Мәдениет министрлігі Бейнелеу өнері департаментінің Бас директоры Пхенгтако Пратип және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Бангкокта аккредиттелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Тұсаукесерді аша отырып, Елші Абайдың қазақ ұлтының ағартушылығына тынымсыз еңбек еткенін, білім халық пен билік арасындағы көпір қызметін атқаратынын атап өтті.

Іс-шараға қатысушыларын Абайдың қазақ, тай, ағылшын және орыс тілдеріндегі бірқатар шығармалары оқылды. Іс-шара қорытындысы бойынша «Қара сөздер» және «Поэмалар жинағы» кітаптарының бірнеше данасы кітапханаға тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар