Таиландтың солтүстік-шығысында дауыл болды

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат - Таиландтың солтүстік-шығысында тоғыз провинцияда дауыл соқты. The Nation газетінің жазуынша, табиғи апат салдарынан 411 үйге зақым келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның дерегі бойынша, Накхонпханом, Кхон Каен, Лоей, Пхрае, Махасаракхам, Убон Ратчатхани, Махасаракхам, Питсанулок, Патумтхани және Сакон Накхон провинцияларында толассыз жаңбыр жауған.

«Қазір біз зардап шеккендерге дер кезінде көмек көрсету үшін сәйкес билік органдарының әрекеттерін үйлестіріп жатырмыз», - деп мәлімдеді Табиғи апатты ескерту және алдын алу департаментінің басшысы Чаяпол Тхитисак.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өтемақы көлемін анықтау үшін зақым келген үйлер мен ғимараттар тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ, Таиландтың метеорологиялық басқармасы таяу күндері орталық, шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік өңірлерде нөсер жаңбыр жауады деп болжам жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар