Таиландтың экс-премьері Сингапурға қашып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлық туралы іс бойынша үкім шығарылғанда сотқа келмеген Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Йинглак Чинават Сингапурға қашқан.

2011 жылы премьер лауазымына тағайындалған бірінші әйел - Йинглак Чинават ауыл шаруашылығы өндірушілерінен күрішті кепілдік сатып алу бойынша мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға немқұрайлы қарағаны үшін, сондай-ақ күріш саясаты бойынша ұлттық комитет төрағасы лауазымын атқарған кезде жемқорлыққа жол бергендігі үшін айыпталуда.

Жұма күні, 25 тамызда Йинглак Чинават үкімді тыңдауға сотқа келген жоқ. Оның адвокатының айтуынша, құлақ инфекциясы салдарынан жағдайы нашарлап, отырысты жіберіп алған. 

Соңғы жаңалықтар