Таиландтың экс-премьері қамаудан босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтың бұрынғы премьер-министрі Йинглак Чинаватты әскерилер қамаудан босатты. Бұл туралы американдық Wall Street Journal газетінде жарияланды деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Бұған дейін Чинават әскери базада қамауда отыр деген ақпар берілген болатын. Қазір баспасөздің хабарлауынша, ол қайтадан үй қамауына алынды. Американдық CNN телекомпаниясы да аталған ақпаратты растаған болатын. Олардың мәлімдеуінше,әскерилердің өкілдері Чинаватты босатып, оған тек көмек көрсетіп, бейбітшілікпен тәртіпті сақтауын өтінген. Топ өкілдері экс-премьерге саясат пен шерушілерден аулақ жүруін ескерткен. Бұған дейін хабарлағанымыздай , 24 мамырда Таиландтың әскери үкіметі өзінің бұйрығымен және әскери жағдай туралы заңға сәйкес елдің сенатын таратып жіберді.

Сенат таратылғаннан кейін, әскери үкімет енді заңнамалық және атқарушылық билікті толық қадағалайтын болады.

Соңғы жаңалықтар