+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Таиландта жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 8 адам қаза тапты

2020 жылғы 26 қыркүйек 16:14
Бөлісіңіз:
Таиландта жүк көлігі мен автобус соқтығысып, 8 адам қаза тапты

БАНГКОК. Паттайяға Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлерді тасымалдаған екі қабатты автобус Таиландтық Нахонратчасима солтүстік-шығыс провинциясында тіркемесі бар жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жапонияда ірі сауда орталығына кіріп кеткен аю жұртты шошытты Пәкістанда автобус көшкін астында қалды: 16 адам қаза тапты Сингапурда денге безгегінен өлімнің ең жоғары көрсеткіші тіркелді

Thai Rath газетінің жазуынша, апат салдарынан сегіз адам қаза тауып, 40 адам түрлі жарақат алған.

Автобуста Чонбури провинциясына Паттайяға танысу сапарына жіберілген 47 ерікті болған. Барлық зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаларға жатқызылды.

Апаттан аман қалғандардың бірі тәртіп сақшыларына автобустың тез жүргенін, жолаушылардың ұйықтай алмағанын айтты. Олар тіпті жүргізуші рульде қалғып кете бергендіктен тоқтап, демалып алуын өтінген. Жүргізуші мұның мүмкін еместігін айтқан. Өйткені ол Паттайяға бірге барған басқа екі автобустың жүргізушілерімен кездесуге келіскен көрінеді.

Жүк көлігі бағдаршамның рұқсат етілген сигналына өтіп бара жатқанда, автобус оның бүйіріне соғып, екі көлік те аударылып кеткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT