Таиландта көлігімен 250 метрлік жартастан теңізге құлаған турист аман қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландтағы Пхукет аралында түнде 250 метрлік жартастан теңізге құлаған көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Жергілікті полиция зардап шеккен азаматтың алдын ала болжам бойынша ресейлік екендігін хабарлады.

Оқиға парапланшылардың арасында сүйікті орынға айналған Па Данг ауданында орын алды. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан Honda Jazz көлігі жартасты жағадан шығып кетіп, теңізге құлады. Жақын маңда болған балықшылар шұғыл құтқарушыларды шақыртқан. Олар тірі қалған жүргізушіні қабысып қалған көліктен шығарды.

Полиция зардап шегушінің есімі Николай екендігін айтып, оны ресейлік азамат деп пайымдауда. Қазіргі кезде ол ауруханада ес-түссіз жатыр.

Соңғы жаңалықтар