Таиландта катер апатынан 30-дан астам турист зардап шекті: қазақстандықтар туралы ақпарат нақтыланып жатыр

None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Таиланд жағалауында қайық дабыл мұнарасына соғылып, 35 адам зардап шекті. Ресей Федерациясының 21 азаматы әртүрлі жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Елдің Пхукет провинциясындағы денсаулық сақтау министрлігі бөлімшесінің хабарлауынша, зардап шеккендердің барлығы ауруханаларға жеткізілген. Ведомство мәліметіне сәйкес, «оқиға жағалаудан 100 м қашықтықта, Чалонг шығанағы пирстерінің жанында болған. Төтенше жағдайдың алдын ала себебі – кеме капитанының немқұрайлылығы. Тергеу жүргізіліп жатыр. Апат салдарынан 35 адам зардап шекті, оның ішінде Ресей Федерациясының 21 азаматы, Қазақстанның 8, Таиландтың 3, сондай-ақ Гонконг, Қытай мен Украинаның 1 азаматы». Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен төрт ресейлік пен екі тайлықтың жағдайы ауыр екенін атап өтті.

«ҚазАқпарат» зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың бар-жоғын нақтылау үшін Сыртқы істер министрлігіне сұрау жолдады.


Соңғы жаңалықтар