Таиландта балалар құтқарылған үңгірді қалпына келтіруге 1,3 млн доллар жұмсалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд үкіметі балалар футбол командасы мен бапкері адасып кеткен Тхам Луанг үңгірінің экожүйесін қалпына келтіруге 42 млн бат мөлшерінде қаржы бөлді. Билік осы арқылы үңгірдің туристік әлеуетін арттырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Екі апта бойы үңгірде адасып жүрген балаларды құтқару процесіне бүкіл әлем көз тігіп отырды. Сондықтан үңгірді өз көзімен көргісі келетін адамдар әлемде көп болуы тиіс.

Сарапшылар аумақты басқарудың нақты жоспары болмаса, үңгірдің ішіне айтарлықтай зақым келетінін айтып дабыл қағады. Қалпына келтіру процесі аясында 2,4 мың метр құбыр алынып, ол арқылы су тартып шығарылды.

Билік үңгірдің айналасындағы ландшафтты сонда салынатын болашақ музей және құтқару операциясының 13-ші күні қайтыс болған 38 жастағы таиландық офицер Саман Кунанның ескерткішіне бейімдеуді жоспарлап отыр. Жалпы, ұлттық парктегі үңгір орналасқан 800 гектар жер абаттандырылады.

Тхам Луангта соңғы рет 2015 жылы зерттеу жүргізілген. Сол кезде мамандар тек 700 метрдей ғана ішкерілей алған болатын. Соның өзінде мамандар үңгірдің жасы 100 миллион жылдан асатынын болжаған. Қазір сарапшылар үңгірдің қауіпсіздік жағдайын егжей-тегжейлі тексеру үшін су деңгейінің төмендеуін күтіп отыр. Билік өкілдері үңгірде болуы мүмкін оқыс оқиғалардың алдын алу үшін туристерге арналған көрсеткіштер, ескертпелер орнату қажеттігін айтады.

Соңғы жаңалықтар