Таиландта автобус апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиландта Lignite Tour компаниясының туристік автобусы апатқа ұшырап, 14 адам зардап шекті. Оның төртеуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Thaiger порталына сілтемемен.

Оқиға жергілікті уақытпен түнгі 12 шамасында Бангкоктан 400 шақырым жерде орын алған. Белгілі болғандай, зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жатқызылды.

Автобус аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Соңғы жаңалықтар