Таиландта 2 аптадан бері үңгірде қамалып отырған оқушыларды эвакуациялау басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құтқарушылар оқушылардан құралған футбол командасы мен олардың жаттықтырушысын эвакуациялау операциясын бастады. Олар екі аптадан астам уақыт бойы Кхао Луанг үңгірінде қамалып отыр. Бұл туралы жексенбі күні Чианграй провинциясының бұрынғы губернаторы, операция жетекшісі Наронгсак Осоттханакон баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Бүгін балалар кез келген қауіп-қатерге дайын. Біз дайындықтың шарықтау шегіндеміз», - деді ол.

Сондай-ақ, Наронгсак Осоттханакон жергілікті уақытпен сағат 10-да 18 сүңгуір үңгірдің ішіне оқушыларды құтқаруға кеткенін айтты. Құтқару операциясына 13 шетелдік және 5 таилық сүңгуір қатысып жатыр.

Операция жетекшісінің айтуынша, оқушылардың бірінші легі үңгірден жергілікті уақытпен кешкі сағат 9-дарда шығарылады.

Құтқарушылардың бағалауы бойынша, эвакуацияның барлық процесіне 3-4 күн уақыт кетеді. Себебі, жер астындағы қашықтық тым ұзақ.

«Егер біз біраз уақыт күтіп қалып, жаңбыр басталып кетсе, суды айдап шығару қажет», - деп түсіндірді құтқару операциясының жетекшісі.

The Nation басылымының ақпараты бойынша, жердің бетіне шығарылатын оқушылардың бірінші тобы төрт адамнан құралмақ. Ұлттық парк қызметкерлері 23 маусым күні үңгірге кіретін жерден мотоцикл, велосипед және спорттық инвентарь тауып алған. Олар жергілікті футбол клубымен байланысып, табылған заттардың 11-16 жас аралығындағы оқушыларға және 25 жастағы жаттықтырушысына тиесілі екендігін анықтаған. Үңгір 10 шақырымға созылып жатыр, оның бірнеше кіретін және шығатын жерлері бар. Таиланд билігі үңгірде қалып қойғандарды құтқару операциясын ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар