Таиланд туристерге арналған шектеулерді алып тастады
2022 жылғы 1 шілде 23:28

Таиланд туристерге арналған шектеулерді алып тастады

НҰР-СҰЛТАН. ТАСС-ҚазАқпарат – Таиланд билігі жұмадан бастап барлық саяхатшылар үшін патшалыққа кіру үшін қажетті ақпарат жүктелген Thailand Pass жүйесін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Сонымен қатар, коронавирусты емдеу үшін 10 мың доллар көлемінде медициналық сақтандыру талап етілмейді. Бірақ, жергілікті билік өзімен бірге сақтандыру полисін алып жүруге кеңес береді. Thailand Pass жойылғанына қарамастан, саяхатшылар әлі де вакцинация сертификатын немесе коронавирустың жоқтығы туралы тест нәтижелерін ұсынуы керек. Медициналық мекемеден антиген сынағының теріс нәтижесін немесе патшалыққа ұшудан 72 сағат бұрын жасалған ПТР сынағының нәтижесін көрсету қажет.


Фото: thaiembassy.com
Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT