Таиланд билігі туристерді елге кіргізудің ережелеріне тағы өзгеріс енгізді

None
АММАН. ҚазАқпарат – Таиланд билігі шетелдіктер үшін коронавирусқа қарсы екпе алғанын растайтын құжатты ұсынуды талап ететін бұрынғы ережені алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Таиландтың Азаматтық авиация басқармасы шетелдік туристерден Таиландқа ұшатын рейске отырар алдында Covid-19 вакцинасына қатысты құжат немесе тест анықтама талап ететін жаңа шараларды жариялады. Алайда, екі күн өткен соң ол ережеге өзгеріс енгізілді. Тайланд денсаулық сақтау министрі Анутин Чарнвиракул бұл шешімді Қытайда және бүкіл әлемде иммунизация деңгейі жеткілікті екенімен түсіндірді. Осыған қарамастан, жаңа ережелерге сәйкес, ковидке қарсы шектеулері бар елдерден келетін саяхатшылар әлі де медициналық сақтандыруды сатып алуы тиіс, деді The National News.

Таиландта коронавирус жұқтырып, еліне орала алмаған туристер емделуге жеткілікті сома – кемінде 10 мың АҚШ доллары, сондай-ақ қосымша 7 күнге шығын өтеуі үшін қаражат алып жүруі керек. Жаңа ережелер 18 жасқа толмаған саяхатшыларға, Таиланд азаматтарының өздеріне және транзиттік визасы бар адамдарға қатысты қолданылмайды. Жол үстінде Covid-19 белгілері байқалған барлық саяхатшылар отырғызу кезінде тест тапсырады.

Авторы: Арсен Өтешев

Фото: The National News


Соңғы жаңалықтар