Таиланд 1 мамырдан бастап елге кіру шектеулерін жеңілдетуі мүмкін

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Таиланд үкіметі Test&Co елге кіру схемасын және Thailand Pass тіркеу жүйесін алып тастау мүмкіндігін қарастырады. Өзгерістер 1 мамырда күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Туризм және спорт министрі П. Ратчакитпраканның айтуынша, ведомство келесі аптада үкіметке ұсыныс енгізеді. Егер ол мақұлданса, 1 мамырдан бастап туристер елге вакциналау сертификатын көрсеткеннен кейін кіре алады. Демек, құжаттардың мақұлдануын 3-5 күн күтудің қажеті болмайды.

«Таиланд шетелдік саяхатшыларды қайтадан қарсы алуға дайын, өйткені біздің денсаулық сақтау жүйеміз тиісінше жабдықталған», - деп келтіреді министрдің сөзін Bangkok Post.

Министрліктің болжамынша, Таиландқа биыл кемінде 10 млн турист қатынайды.

Таиланд билігі 1 сәуірден бастап, елге Test&Co схемасы аясында әуе жолымен кіретін жолаушылар үшін ПТР тест тапсыру талабынан бас тартты.

Ал, 1 мамырдан бастап Таиландқа жеткеннен кейін тапсырылатын ПТР тесті COVID-19-ға антиген тестімен ауыстырылуы мүмкін деген болжам бар.

Айта кетсек, Пхукет қаласында қаласында өткен Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық боксшылар үш алтын медаль алды.



Соңғы жаңалықтар