Тағы екі елде коронавирустың жаңа штамы анықталды

None
None
СЕУЛ. РЕНХАП-ҚазАқпарат – Тағы екі елде, атап айтсақ, Корея мен Индонезияда коронавирус инфекциясының жаңа «британдық» штамы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, дүйсенбі күні Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау органдары коронавирустың жаңа штамын жұқтырудың алғашқы жағдайларын растады.

Ұлыбританиядан келген үш адамнан вирустың «британдық» штамы анықталған. Осы елден ұшуға тыйым салуды жыл соңына дейін тағы бір аптаға ұзарту туралы шешім қабылданды.

Кореяның ауруды бақылау және алдын алу агенттігі (KDCA) аталған үш адамның бір отбасы мүшелері екенін хабарлады.

Осы отбасымен Оңтүстік Кореяға бірге ұшып келген барлық жолаушы мен ұшақ экипажы жаңа штамды жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау үшін қайта тестілеуден өтеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Индонезия коронавирустың жаңа жұқпалы штаммының таралуын тоқтату үшін барлық шетелдікке екі аптаға кіруге тыйым салады. Бұл туралы дүйсенбіде елдің Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди хабарлады.

Британдық зерттеулер көрсеткендей, коронавирустың жаңа штамы ескі нұсқаға қарағанда 70 пайызға жұқпалы болуы мүмкін. Жаңа нұсқа алғаш рет қыркүйектің ортасында Ұлыбритания астанасы - Лондонда пайда болды деп болжануда.

Жаңа штамм бірқатар елде, атап айтқанда Аустралия, Дания, Германия, Италия, Испания, Канада, Нидерланд, Швейцария, Франция және Жапонияда анықталған еді.



Соңғы жаңалықтар