Тағы бір саяси партияны тіркеу құжаттарын Әділет министрлігі тексеруде

2022 жылғы 30 қараша, 18:49
Тағы бір саяси партияны тіркеу құжаттарын Әділет министрлігі тексеруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2022 жылғы қараша айындағы көрсеткіш бойынша 7 саяси партия тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

1. «AMANAT» партиясы

2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы

3. «Қазақстан Халық» партиясы

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

5. «Adal» Саяси Партиясы

6.«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия».

7. «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы

Ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуге «Халық дербестігі» саяси партиясынан өтініш келіп түсті, құрылтай құжаттарына сараптама жүргізілуде.

2022 жылдан бастап Әділет министрлігіне 10 бастамашыл топтан партиялар құру туралы хабарламалар түскен, оның төртеуіне растау берілді, қалған партияларға «саяси партиялар туралы» Заңның 8-бабының талаптарын бұзуға байланысты тіркеу берілмеді.

Бұдан дейін хабарланғандай бүгін Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar