Тағы бір облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10 қазан күні күндіз және 11 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. 10 қазан күні күндіз жел алдымен оңтүстіктен, артынша солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен, ал 11 қазанда солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, екпіні 25 м/с-қа жетуі ықтимал.

Петропавлда 10 қазан күні күндіз, 11 қазанда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 11 қазан күні солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Бұған дейін Қостанай облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар