Тағы бір легионер «Қайраттан» кететінін мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тринидадтық 27 жастағы қорғаушы Шелдон Бато Алматының «Қайрат» командасынан кететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен «Қайратта» қалмаймын», - деді футболшы.

Бато алматылық ұжым сапында бір жарым маусым ойнап, Қазақстан чемпионатында 39, ел Кубогында 1, еурокубоктарда 7 ойында алаңға шыққан. «Қайратқа» жалға берілген футболшының трансферлік құқығы Самараның «Крылья Советов» клубына тиесілі.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік Андрей Аршавин мен бразилиялық Исаэльдің «Қайраттан» кететіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар