Тағы бір қазақстандық жартылай финалда - Қазақ күресі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан қазақ күресінен әлем чемпионатында 74 сынға түскен балуанымыз Ғалымжан Әбдірахманов тәжік спортшысын ұтып, жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі жарыс бойынша Ғалымжан Әбдірахманов жартылай финалға шыққан екінші балуан. Осыған дейін 66 келіде Қасымхан Төленбай ширек финалда грузиялық балуанды ұтып, жартылай финалға жолдама алған еді.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігінде 40 мемлекеттен келген 166 спортшы бақ сынап жатыр. Олар 9 салмақ дәрежесінде 40 медаль мен 40 мың АҚШ долларын құрайтын жүлде қорын сарапқа салады. Бүгін қазақ балуандары арасында ел намысын 60 келіде Қуаныш Ысқақов, 66 келіде Қасымхан Төленбай, 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов және абсалютты салмақта Айбат Сейтен (түйе балуан) қорғайды.

Соңғы жаңалықтар