+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауысты

2020 жылғы 2 маусым 14:46
Бөлісіңіз:
Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой боксқа ауысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық былғары қолғап шебері, 2018 жылғы жасөсіпірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Талғат Шәйкен әуесқойлар боксынан кәсіби боксқа ауысты. Енді 19 жастағы боксшы Қазақстан атынан шаршы алаңға шығатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2020 жылғы Мюнхен марафоны жаңа форматта өтеді 2022 жылғы арнайы қысқы Олимпиада ойындары Қазанда өтеді «Астана» велокомандасы «Тур де Франс» веложарысына қатысады

Ведомствоның мәліметінше, боксшы кәсіби рингте өнер көрсету үшін MTK Global проумоутерлік компаниясымен келісімшартқа тұрған.

«Құрметті достар, кәсіби боксқа ауысқаныма қолдау білдіргендеріңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мен дүниежүзіндегі көшбасшы МТК GLOBAL менеджерлік компаниясымен келісімшартқа тұрдым. Енід қазақстандықтарды кәсіби бокстағы жеңістеріммен қуантуға тырысамын», -деп жазады боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Талғат Шәйкен 2019 жылы Қазақстан халқының спартакиадасы шеңберінде ересектер арасындағы өткен республикалық біріншілікте қарсыластарын айқын басымдықпен тізе бүктірген болатын.

Ол әуесқойлар арасында нокаут шебері атанды. Қарсыластарын шарашы алаңда талай мәрте сұлатып салды. MTK GLOBAL KAZAKHSTAN менеджерлік компаниясының басшысы Асқар Салықбаев басылымдардың бірінде жасалған келісімшарт ұзақ жылдарға арналған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT