Тағы бір қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Канаданың Римуски қаласындағы Le Centre Financiere Sun Life кешенінде қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (4-0, 4 КО) кезектегі жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Оның бұл жолғы қарсыласы 27 жастағы мексикалық спортшы Хосе Франсиско Суньига (14-11-2, 5 КО) болды. Бірінші орта салмақта өткен кездесу алты раундқа есептелген болатын. Бірақ Садриддин екінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша, Садриддин өз статистикасын біршама жақсартып алды: 5-0, 5 КО. Ал оның қарсыласы кәсіпқой мансабында 12-ші рет жеңіліске ұшырады.

Еске сала кетейік, Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі дебютін 7 сәуірде тойлаған болатын. Сол кездесудің 31-секундында мексикалық Тони Баррерасты (1-2, 1 КО) жеңген. Кейін қазақстандық былғары қолғап шебері Ариэль Алехандро Сампедри (9-5, 7 КО), Густаво Гарибай (14-11-2, 6 КО) және Хесус Хавьер Мендосаларды (7-6-1, 6 КО) тізе бүктірді.

Соңғы жаңалықтар