USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Тағы бір бүркітші қазақ қызы шетелдік режиссерлердің назарына ілікті

2017 жылғы 22 қараша 19:33
Бөлісіңіз:
Тағы бір бүркітші қазақ қызы шетелдік режиссерлердің назарына ілікті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тағы бір бүркітші қазақ қызы шетелдік режиссерлердің назарына ілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Моңғолияның KAZNEW порталындағы мәліметтерге негізделсек, бұл жолы Сингапурлық режиссерлер Моңғолиядағы бүркітші қазақ қызы Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсіруді қолға алмақ.

«Баян-Өлгей аймағының Алтай ауылында өткен бүркітшілер фестивалін шетелден көптеген туристер келіп тамашалады. Олардың арасында Сингапурлық режиссерлер де келген болатын. Олар фестивальде төртінші орынды иеленген Айгерім Әскерқызы туралы фильм түсірмек», деп жазады дереккөз.

Айгерім Әскерқызы - Алтай ауылындағы орта мектептің 7-сыныбында оқиды. Сегіз жасында әкесімен бірге құсбегілік өнерді үйренген.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын АҚШ режиссерлері бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы туралы деректі фильм түсіріп, әлемге танымал еткен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT