Тағы бір банкте жатқан ақшамызды кері қайтарамыз - Самұрық-Қазына

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзірше қор басшылығы ол банктің атауын жарияламай отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз тағы бір банкпен келісімге қол қойдық. Оған сәйкес, әзірше қай банк екенін айта алмаймыз. Алайда осы келісім іске асқаннан кейін біз барлық ақпаратты жариялаймыз. Шамамен, қыркүйектің соңында аталған мәселе бойынша толық мәліметті береміз", - деді қаржы және экономика жөніндегі директор Ернар Жаңаділ Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгінгі шарада Е.Жаңаділ "Қазкоммерцбанк" АҚ-сынан 117 млрд теңге көлеміндегі бұғатталған депозиттерді жауып, ақшаның кері қайтарылғанын жеткізді. Бұдан бөлек, тағы бір банктен тура сондай 220 млрд теңге кері қайтару жоспарланған. Ол ақшаның бәрі қаржы Қазақстан теміржолына (75 млрд теңге), Қазақтелекомға (75 млрд теңге) және Қазатомөнеркәсіпке (200 млн доллар) қарызға беріледі.

 

Соңғы жаңалықтар