Тағы бір балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бухарест қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мәлім еткеніндей, Жәмила 72 кг салмақта үздік үштікке ілікті.

Жәмила Бақбергенова жарыс барысында Жапония және АҚШ балуандарын тізе бүктіргенімен, жартылай финалда түрік спортшысына жол берді. Дегенмен қола жүлде үшін бәсекеде үндістандық қарсыласын 11:0 есебімен ойсырата ұтты.

Бұл - Қазақстан құрамасы қоржынындағы бесінші қола медаль. Оның екеуін грек-рим күресі шеберлері жеңіп алса, үшеуі балуан қыздарымыздың үлесінде. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қос қазақстандық балуан қыздың әлем чемпионатының қола жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.

Жексенбі күні мәреге жететін әлем чемпионатының соңғы медальдарын еркін күрес шеберлері сарапқа салады.

 

Соңғы жаңалықтар