Тағы бір бала оқтан көз жұмды - Аружан Саин барынша сақ болуды ескертті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин елде қалыптасқан жағдайға байланысты ана-аналарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 4 жасар баланың оқ тиіп, көз жұмғаны туралы ақпараттың нақтылығын сұрап хабарласқан адамдар көп болды. Сондықтан мен түрлі ақпарат көздеріне хабарласып, оқиғаның мән-жайын білдім. 7 қаңтар күні Сейфуллин көшесінің бойымен келе жатқан машинаға оқ атылған. Көлікте үлкендермен болған балаға оқ тиып, көз жұмған. Сондықтан мпен барлық ата-аналарға, алматылықтарға барынша сақ болу керектігін ескерткім келеді. Балаларыңызды қараусыз, жалғыз қалдырмаңыздар», - деді Балалар құқығы жөніндегі уәкілі ҚазАқпарат тілшісіне.

Еске салсақ, 5 қаңтар күні Алматыда оқ жарақатынан бала қайтыс болды. Ата-аналары балалармен серуендеп қайтып келе жатқанда оқ атылып, 11 жастағы бала қаза тапты.


Соңғы жаңалықтар