+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Тағы 21 ауылда әкім сайланды

2021 жылғы 15 қыркүйек 11:12
Бөлісіңіз:
Тағы 21 ауылда әкім сайланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 тамыздан бері тағы 21 елді мекенннің әкімі тікелей сайлау арқылы қызметке келген. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 25 шілдеде еліміздің 730 ауылдық округінде алғаш рет әкімдердің тікелей сайлауы өткен. Бұл бір реттік науқан емес. Әкімдердің өкілетті мерзімі аяқталуына қарай сайлау басқа елді мекендерде де өтеді. Іс жүзінде апта сайын Қазақстанның қандай да бір өңірінде ауыл тұрғындары өз әкімін сайлайды. 1 тамыздан бастап тікелей дауыс беру арқылы тағы 21 ауылдық округтің басшылары сайланды. Сонда бүгінге дейін барлығы 751 ауылдық округте әкім сайлауы өткен», - деп жазды Президенттің көмекшісі.

Оның айтуына қарағанда, сайланған әкімдердің 86%-ын саяси партиялар кандидат ретінде ұсынса, 14%-ы өзін-өзі ұсынған.

«Сайланған әкімдердің 50%-ға жуығы – бұрын әкім лауазымында жұмыс істеп көрмеген жаңа тұлғалар. Осылайша, тікелей сайланбалы жүйенің енуі ауыл әкімдері корпусының жаңаруына септігін тигізіп жатыр деп айтуға болады. Жыл соңына дейін тағы 70-тен астам ауылдық округте әкім сайлауын өткізу жоспарланып отыр», - дейді Ерлан Қарин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT