+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Тағы 20 елдің азаматтарына Әзербайжанға ұшып келуге рұқсат берілді

2021 жылғы 2 тамыз 20:55
Бөлісіңіз:
Тағы 20 елдің азаматтарына Әзербайжанға ұшып келуге рұқсат берілді

БАКУ. ҚазАқпарат – 5 тамыздан бастап 20 елдің азаматтарына, сондай-ақ осы елдерде тұрақты тұратын басқа мемлекеттердің азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға Әзербайжанға әуе көлігімен сапарлауға (және шығуға) рұқсат етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 5 мыңнан астам адам вакцина алды Өткен тәулікте Алматы облысында 254 адам КВИ жұқтырды Қазақстанда коронавирустың жаңа EТА штамы анықталды

Хабарланғандай, бұл өзгерістер Министрлер кабинетінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № 151 «ерекше карантиндік режимді ұзарту және кейбір шектеулерді алып тастау жөніндегі шаралар туралы» қаулысына енгізілген түзетуде көзделген.

Өзгерістерге сәйкес, 5 тамыздан бастап Әзербайжанға Германия, Австрия, Бельгия, Чехия, Дания, Ирландия, Испания, Швеция, Швейцария, Канада, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Польша, Португалия, Сербия, Сингапур, Словения, Словакия және Грекиядан ұшып келуге рұқсат етіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әзербайжан үкіметі Ресей, Түркия, АҚШ, Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Израиль, Венгрия және Катарға қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Қазақстанға қатысты айтар болсақ, туыстарына баруды жоспарлап отырған немесе Әзербайжанда тұруға ықтиярхаты бар еліміздің азаматтарына Әзербайжан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы жедел штабтың арнайы шешімі бойынша, жасалғанына 72 сағаттан аспаған ПТР-тестінің теріс нәтижесі жеткілікті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT