Тағы 12 адам коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 17 қаңтар күні Қазақстан аумағында 10 адам - коронавирустан, тағы 2 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Коронавирустан ажал құшқандардың ең көбі Маңғыстау, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген - 2 адамнан.

Сондай-ақ, Алматы қаласы мен Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында - бір адамнан көз жұмды.

Еліміздің басқа өңірлерінде қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.



Соңғы жаңалықтар