Тағы 108 қазақстандық Бек Эйр-ден ұшақ билеті құнын қайтаруды талап етті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бек Эйр» АҚ әуе компаниясынан тоқтатылған әуе рейстері үшін сатып алынған билет құнын қайтару үшін тағы 108 қазақстандық өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандықтар ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне тоқтатылған рейстердің билеттері үшін ақшалай қаражатты өтемеген «Бек Эйр» АҚ әуе компаниясына қатысты бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы өтініштерін жолдап жатыр. Үшінші талап-арызда ТҚҚК 7,6 млн теңгеге 212 әуе билетін сатып алған 108 қазақстандықтың мүддесін білдіреді«,- делінген комитет таратқан ақпаратта.

Сотта өз мүдделерін білдіру үшін тұтынушылар ТҚҚК мекен-жайына мына сілтемеден жүктеп алынған анықтаманы жіберуі керек. Өтініштер электрондық үкіметтің порталы және телеграмм-боты артқы қабылданады.

Бұған дейін сот тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-на қатысты екінші талабын қанағаттандырғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан Бекэйр компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.

Ұшақ жерге құлаған соң сырғанап барып әуежай аумағына жақын тұстағы ауыл шетіндегі екі қабатты үйге соғылған. Салдарынан 12 адам қаза тапты. Осыдан кейін Bek Air әуе компаниясына тиесілі тоғыз Fokker-100 ұшағының қызметі тоқтатылды.


Соңғы жаңалықтар