Тағамнан басқа тауарды сертификаттайтын субъектілерге мемлекеттік бақылауды күшейту қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Азық-түлік емес тауарларға сертификат беретін субъектілерге мемлекеттік бақылауды күшейту қажет. Бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік емес тауарлардың барлығын сертификаттау жеке субъектілерге берілген. Өкінішке орай «Кәсіпкерлер» кодексінде осы аккредиттеу субъектілеріне тәуекелдерді басқару жүйесі қаралмаған. Оларға тек алдын алу түріндегі бақылау бар. Ал олардың қызметтеріне қарап отырсақ, мемлекеттің тарапынан қатаң бақылау болмаса ертең отандық кәсіпкерлердің қызметіне де, тұтынушыларға да кері әсерін тигізеді», - деді Абылай Мырзахметов.

Мәселен, оның дерегінше, Иран, Қытай, Польша, Ресейден импортталған цементтерге 224 сертификат берілген. Алайда сертификаттың 199-ы заң бұзушылықпен алынған.

«Сондықтан бұл салада жұмыс істейтін субъектілерге мемлекеттік бақылауды күшейтіп, алдын алу түріндегі бақылау емес тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы қатаң талап қойылуы керек. Тіпті, аккредиттеу құқын алу түріндегі қатаң жаза қолдануды ұсынып отырмыз. Осы жылдан бастап кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін техникалық реттеу саласындағы бұзушылық үшін айыппұл көлемін 3 есеге көбейді. Қадағалау мерзімі 2 айдан 3 жылға дейін созылды. Бұл дұрыс шаралар деп ойлаймын», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар