USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

2021 жылғы 18 қазан 19:09
Бөлісіңіз:
Таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің промоутері «Канеломен» трилогия туралы мәлімдеме жасады Футзалдан Еуропа чемпионаты: Бүгін Қазақстан Италиямен кездеседі Атлеттер мен бапкерлердің денсаулығын сақтау басты мақсатымыз – ҰОК бас хатшысы

Атырау облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 16-17 қазанда Черногорияның астанасы – Подгорицада «Montenegro Podgorica Open 2021» халықаралық турнирі өткен.

«Халықаралық G-1 деңгейіндегі рейтинг турниріне әлем елдерінен 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын қорғаған таеквондошылар қатарында Жансель Дениз де бар. Ол жарысты екінші айналымнан бастап, 73 келіге дейінгі салмақта бақ сынады. Алдымен Молдова, кейін Бразилия споршысын қапы қалдырды. Ақтық сында Түркия таеквондошысымен кездесті. Қосымша раундта қарсыласын 2:0 есебімен жеңген отандасымыз турнирдің жеңімпазы атанып, алтын медальды иеленді», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, қыркүйек айының соңында Жансель Дениз Түркияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT