Таеквондошы Руслан Жапаров Бүкіләлемдік әскери ойындарда алтын медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрлігі Қорғаныс спорт клубтары қауысмдастығының спортшысы кіші сержант Руслан Жапаров Қазақстан Қарулы күштерінің қоржынын алғашқы алтын медальмен толықтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік баспасз қызметінің мәліметінше, шешуші кезеңде Руслан 2015 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері ресейлік спортшы Владислав Ларинді ойсырата жеңді.

«Тартысты әрі бітіспес бәсекеде Руслан керемет дене даярлығын, шеберлігі мен ерік күш-жігерін паш етті. Жоғары деңгейдегі аталмыш марапат отандық армиялық спорттың салмақты әлеуетінің куәсі, Қазақстан Қарулы күштерінің халықаралық беделін нығайтуда қомақты үлес болды», - деді таеквондодан ҚР ҚК құрамасының капитаны майор Әнуар Үсенов.

Естеріңізге сала кетсек, VII жазғы CISM Бүкіләлемдік әскери ойындары (Халықаралық әскери спорт кеңесі) спорттың 27 түрінен өтіп жатыр. Оған әлемнің 109 елінен 9308 әскери спортшы қатысуда.

Спортшылар спорттың 27 түрінде 329 жиынтық жүлдені ойнатады.

Қазақстан спорттың 11 түріне қатысады. Атап айтқанда, таэквондо, еркін күрес, дзюдо, оқ ату, бокс, грек-рим күресі, заманауи бессайыс, жүзу, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика және пентатлон. Құрамамыздың құрамында 103 әскери спортшы бар.

Соңғы жаңалықтар